2020 жылдың 26 қарашасында Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік туры онлайн форматында өткізілді.
Мектеп олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері::
-білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
- дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- факультативтердің, үйірмелердің және оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың басқа да түрлерінің жұмысын жандандыру.
Олимпиадаға тапсырмаларды пән мұғалімдері құрастырды және ӘБ отырыстарында келісілді.
Олимпиадаға 184 оқушы қатысты (қатысу пайызы – 100%). 1-9 сыныптар арасында – 113 оқушы, 10-11 сыныптар арасында-71 оқушы.
Жүлделі орындар саны-127, бұл 69% құрайды, оның ішінде 1 орын-49, 2 орын-51, 3 орын-32.