Адам неге еңбек ете білу керектігін үнемі түсінідіріп отырыңыз. Жалқаулыққа, бос отыруға деген жағымсыз көзқарасыңызды көрсетіп тұрыңыз.
-Балаңыз өзі істей алатын нәрсені ол үшін істемеңіз, әйтпесе әрі қарай да ол сізді қызметші ретінде пайдалануы мүмкін.
-Қолайлы жағдайда оған өздігінен әрекет етуге мүмкіндік беріңіз. Мысалы, былай деп сұраңыз: «Дастархан жасауды қалайсың ба әлде мен дастархан жасағанша ыдыс-аяқ әкеліп тұрасың ба?»
-Балаға шамасы жететін жұмысты ұсыныңыз, оның үй шаруасындағы міндеттерін белгілеп беріңіз. Бұны былай істеңіз: «Сен енді есейіп қалдың, сондықтан мен саған еден жууды, ыдыс-аяқ жууды, шаң сүртуді, қоқыс шығаруды және т.б. сеніп тапсырамын.»
-Өз талаптарыңыздағы бірізділікті сақтаңыз.
-Бастаған істі соңына дейін апаруды үйретіңіз.