✔️«Еліміздегі әрбір баланың балалық шағы бақытты және қауіпсіз болуы керек».
✔️«Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды талап етемін. Жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, киімнің, балаларға арналған азық-түліктің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудару керек».
✔️«Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы да маңызды. Білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу талап етіледі».
✔️«Сапалы мектеп білімін алу – әр баланың ажырамас құқығы. Бұл жерде «сапалы» сөзі маңызды. Сондықтан білім беру сапасын дәйекті түрде жақсартып, педагогтердің құзыреттілігін арттыру қажет».