Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы – бұл алдағы 10-15 жылға арналған перспективалы салалар мен кәсіптердің болжамды картасы.
Ол бізге қандай бағыттар белсенді дамитынын, оларда қандай жаңа технологиялар, өнімдер, басқару практикасы пайда болатынын және жұмыс берушілерге қандай жаңа мамандар қажет болатынын түсінуге көмектеседі.
ҚР БҒМ мен ҚР ЕХӘҚМ үшін әзірленетін Атлас білім беру жүйесін болашақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне озық бейімдеу жөніндегі Жол картасына айналады. Нарықта жұмыс істейтін компанияларға Атлас кадрлық саясатты жақсартуға және бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға көмектеседі. Оқушыларға және олардың ата-аналарына ЖОО/ТжКБ-ға түсу кезінде Атлас болашақта жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарын толықтырмас үшін нақты және ұзақ мерзімді перспективасы бар мамандықтарды таңдауға көмектеседі.
Сайып келгенде, біз еңбек нарығындағы қолда бар мамандарды қандай дағдылармен "аяқтау" керек екендігі туралы түсінік алып, оларға озық даярлықтың өте қолжетімді және қолданбалы құралын ұсына аламыз.