Облыстық мамандандырылған # 4”Болашақ”мектеп-лицей-интернатында 1-қыркүйек күні”Мектебім-мейірім мекенім” тақырыбында салтанатты жиын өтті.Мектеп басшысы Г.К.Турганбаева құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ “Біртұтас тәрбие”жаңартылған тәрбие бағдарламасының негізгі идеясы болып табылатынына тоқталып өтті.
Мерекелік іс-шарада мектебіміздің Қамқорлық кеңесінің төрағасы В.Ю.Кудрявцев мерекемен құттықтап,сөз сөйледі.
Біздің мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған жетінші сынып оқушылары түлектерге сәттілік және жеңістер тіледі.Ал түлектер болса оларға толағай табыстар тіледі.
Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғу құқығы 11 сынып оқушысы Қажкенов Дархан мен 9 сынып оқушысы Тоғайбай Аянаға берілді.
Биылғы оқу жылы бақытқа және кереметке толы болсын!
Көптеген маңызды және қызықты сәттер мол болсын!