Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакансия

17.07.2024

Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты» КММ

ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына сәйкес педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына Ақмола облысы білім басқармасының №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты" КММ келесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

1) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқитын сыныптарда) – 1 жүктеме;

2) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқитын сыныптарда) – 6 сағат;

3) физика пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқитын сыныптарда) – 1 жүктеме;

4) химия пәнінің мұғалімі (қазақ тілінде оқитын сыныптарда) – 1 жүктеме;

5) тарих пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқитын сыныптарда) – 1 жүктеме;

6) география пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқитын сыныптарда) – 0,5 жүктеме;

7) жатақхана тәрбиешісі (қазақ және орыс тілдерін меңгерген әйел жынысты) – 4 бірлік

 

Конкурстың өткізілу уақыты:

1) 2024 жылғы 17-26 шілде аралығындағы кезең - Интернет ресурстарда хабарландыру жариялау;

2) 2024 жылғы 17-26 шілде аралығындағы кезең - құжаттарды қабылдау

3)2024 жылғы 29 шілде мен 2 тамыз аралығында - кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау және конкурс қорытындыларын шығару.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде hr-nobd.edu.kz сайтында  және қағаз түрінде келесі мекенжай бойынша жолдайды:

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 135 ғимарат, е-mail: bolashak_uch@inbox.ru.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
        1.     осы қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
       2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

      119. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

      Ескерту! 120. Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурс нәтижесі білім беру ұйымының сайтында жарияланады: http://bolashak4.edu.kz 

Просмотров: 5180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст