Грамматикалық тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сыныбы: 10 сынып
Оқушы саны: 12 оқушы
Сабақтың жалпы мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауы арқылы танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қолдануды жетілдіру.
Міндеттері: жаңа сөздермен танысу және сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру; мәтінді талдау, мамандықтың адам өміріндегі алатын
орнының маңыздылығын талдату; біздің еліміздегі қазіргі замандағы маңызды мамандықтар туралы мәлімет беру, топта бірлесе жұмыс орындату арқылы ынтымақтастыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ұлы адамдардың сөздері, презентация, флипчарт, бейне сұрақтар, бейне материал
Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО технологиясының «Синквейн», «Сорбонка» әдістері
Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу. Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау». Сендер мектеп бітіргеннен кейін мектеп табалдырығынан аттап, жаңа өмірге есік ашасыңдар. Қай жоғары оқу орнын таңдайсыңдар? Қай мамандықты ұнатасыңдар? Бүгінгі таңда мамандық таңдау – осы қаншама адамның тағдырын шешеді. Сендер қателеспей мамандықтың дұрысын таңдайсыңдар деп сенемін. Бүгінгі сабақта сендер - барлық күштерінді жинап, өз білімдерінді көрсетіңдер!
Эпиграф: “Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Н. Ә. Назарбаев
Сабақтың барысы:
Уақыты |
Жоспар мазмұны |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ресурстар |
1 мин
2 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық ахуал.
3.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру Оқушылардың қызыл, көк және жасыл жолақ түстері бойынша үш топқа бөлу.
|
1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды сабаққа ұйымдастырады. Шеңбер құрып алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық
2.Оқушыларды топқа бөледі 1-топ: қызыл түстері 2-топ: көк түстері 3-топ: жасыл түстері Топ басшысын анықтау.
|
- Мұғаліммен сәлемдесу. - Оқушылар мұғаліммен бірігіп шеңберге тұрып , қолдарымен ұстасып, бір-біріне тілек айтады.
1. Екі топқа бөлінеді 1-топ «Білгір» тобы 2-топ «Тапқыр» тобы. 3-топ «Жігер». Әр топ оқушылары өздерін таныстырады. 2. Сабаққа белсенді қатысып отырады. 3. Топ басшылары сайланып, критерилер жазылған парақ беріледі. 4. Оқушылар бір-бірін жауаптарына байланысты бағалайды. |
Топқа бөлу үшін сурет қималары, интербелсенді тақта, смайликтер, критерий жазылған парақ |
4 мин |
Сұрақ-жауап. Мұғалім-оқушы.
|
Үй тапсырмасын сұрау: 1) Білім, оқу, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтып беру және мағынасын ашу. 2) Мақалдың бір бөлігін бір оқушы айтса, екінші оны жалғастырады. Жалғастырып болған оқушы оның қысқаша мазмұнын айтады.
|
Балалар үй жұмысын «Жалғастыр» ойыны арқылы айтып береді
Мысалы: Өнер алды....... қызыл тіл, өйткені қазақ халқында......
|
|
2 мин
5 мин
4 мин
2 мин
4 мин
2 мин
6 мин
3 мин |
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Cлайд 4
4. Жаңа сөздермен таныстыру. Слайд 5 Жаңа сөздер: Мамандық – профессия Икемділік (қабілет)-способность, склонность Тәжірибелі жас маман – опытный молодой специалист Жалақы (еңбекақы) –заработная плата Жоғары төленетін - высокооплачиваемый Төмен төленетін - низкооплачиваемый Жауапты іс – ответственное дело Жұмысқа орналасу – устроиться на работу Шешім қабылдау – принять решение Ескеру қажет – необходимо учесть
3. Мәтінмен жұмыс. Диалог. Слайд 6-7.
«Сорбонка» әдісі.
Мәтіннен сөйлемдерді құрастыру. Слайд 8.
Бейне фильмді көру. Слайд 9.
Презентацияны қорғау. Слайд 10.
5.Синквейн. Жазбаша жұмыс. Слайд 11. |
- Бүгінгі сабақта қандай тақырып өтеміз? Мамандықтар туралы -Нені білулерің керек? --Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысасыңдар. -Нені үйренулерің керек? -дұрыс сөйлеп, сұраққа дұрыс жауап беруге
Жаңа сөздермен таныстырып, оқиды, сөздік дәптерлеріне ашқыздырып жаздыртады.
Мамандық туралы түсінік беру. Тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрады.
Мұғалім «Сорбонка» әдісі арқылы оқушыларға картон қағазында бір жағында етістіктің райлары жазылған жазу, ал екінші жағында жасырымды оған жауабы бар екенін естеріне түсіру үшін ұсынады.
Грамматикалық тапсырма. 1-топ Мәтіннен әр оқушы 1 ашық рай, 1 бұйрық рай, сөйлемдерді құрады 2-топ Мәтіннен әр оқушы 1 шартты рай, 1 қалау рай сөйлемдерді құрады 3-топ. Мәтіннен әр оқушы 1қалау рай, 1 бұйрық рай сөйлемдерді құрады
Бейнефильм бойынша оқушылардың өз таңдаған мамандығы бойынша мәліметтерді тыңдау
Осы бейнефильм бойынша әр топ оқушылары өз презентациясын дайындайды
Синквейн. Бес жолды өлең құрастыру. 1. Бір зат есім. 2. Екі сын есім. 3. Үш етістік. 4. Сөйлем құрастыру. 5.Синоним жазу. |
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы...
1. Оқушылар жаңа сөздерді мұғалімнің артынан хормен оқиды.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрады. Сөйлемдер құрады.
3.Топпен пікірлесіп, мәтін бойынша диалог құрастырып, әр тотан 2 оқушы тақтаға шығып оқиды.
Оқушылар өздерінің білімдерін тексеру үшін етістіктің райлары туралы жауап береді.
4. Тақтада әр топтан 2 оқушы шығып сөйлемдерін жазады, түсіндіреді.
Әр топтан 2 оқушы болашақта өз таңдап алған мамандығы бойынша әңгімелеп береді
Тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығып, синквейн өлеңдерін жазады.
|
Интербелсенді тақта, слайд, сөздік, оқулық, дәптер
интерактивті тақта Мамандық туралы слайд.
Картон қағаздары
дәптер, қалам, сөздік.
Тақтада синквейін өлеңдерін жазу.
|
3 мин |
Қорытындылау .
Мамандық жөнінде сұрақтар қою. Слайд 12. |
Оқушыларға сұрақтар қояды: 1. Бүгін сабақта не туралы білдік? 2.Мамандық дегеніміз не? 3.Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?
қорытындысын шығарады. |
Мәтін бойынша алған білімдеріне байланысты сұрақтарға жауап береді |
интерактивті тақта
|
2 мин |
Үй тапсырмасы. Слайд 13. |
Бір жоғары оқу орнындағы барлық мамандық бойынша қысқаша мәліметтер дайындандар. |
Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады |
күнделік |
2 мин |
Бағалау.Слайд 13 |
Топтар бағалау парағы бойынша бірінші топ екінші топты бағалайды, ал екінші топ бірінші топты бағалайды. Әр тапсырмаға баға қойып, ортақ бағасын жазады |
Топ мүшелері бағалау парағы бойынша қойылған бағаларын алады. |
бағалау парағы. |
3 мин |
Рефлексия кезеңі. Слайд 14. |
- Не білдім? - Не білгім келеді? - Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды? - Не ұнады?
|
Оқушылар стикерлерінде бүгінгі сабақта стикерлерінде өз пікірлерін, тілектерін жазады. |
интерактивті тақта. Стикерлер. |