Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дебат «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот»

23.02.2017

Мақсаты: Барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес пікірталас жағдайын тудыру.

Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.

Бүгін Қазақстанның жастары қаншалықты патриот туралы пікірталас жүргіземіз.

Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.

1. Әр топ өздерін таныстырады;

2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)

3. Екі топ өзара сұрақ алмасады

4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)

5. «Термометр» бойынша позицияны ауысты ма?

Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.

ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар айтыстыра неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл. Демек, әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Олар: ӘБ жетекшісі Подманкова С.А., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайдарова С.Е.

Сөз топ спикерлеріне беріледі.

1-ші топ: «Намыс»

«Намыс» тобы жақтаушы позицияны иеленді.

Яғни жақтаушылар құрамындағы пікірталасқа түсішілер өздерін таныстырып өтеді.

Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.

2-ші топ «Мұрагер»

«Тәуелсіз» тобы даттаушы позицияны иеленді.

Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емес деген оппозициялық бағытты ұстаушылар.

Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.

1. Жүргізуші ашық пікір – таластың ойын – шартымен таныстырады.

Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.

Регламинт 5 – 7 минутты сақтау

Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтереді

Бірінші қарастыратын сұрақ:

Патриот деген кім?

2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.

1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Патриот деген кім?» сөзінің мағынасын ашып беру керек.

(оқушылар пікірталасқа түседі, өз ойларын ортаға салады)

Екінші қарастыратын сұрақ:

Қазіргі жастар Елбасымыздың Жолдауын қажет етеді ме?

(аргументтер келтіру, дәлелдеу)

Үшінші қарастыратын сұрақ.

Егер сен шетелге оқуға кетсең, келерсің бе?

(аргументтер, дәлелдеу)

Бас спикер: Бәрекелді, қымбатты достарым! Пікірталастқа белсенді қатысқандарыңызға көп, көп рахмет. Енді барлықтарымыз осы пікірталастан соң алған позицияларын қандай екенін термометрге салайық, яғни термометрдегі өлшемге қарап сендердің көзқарастарың өзгертді ме, соны көрейік.

Просмотров: 6271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст