1.Жалпы қағидасы.
Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: Ақмола облысы білім басқармасы «Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық №4 мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернаты» КММ білім беру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Өкіметінің бекітілген 18 қыркүйек 2013 жылғы №983 жарғысы мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес №4 «Болашақ» ОДБММИ КММ-сінде мынадай қызмет көрсетілді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпыміндетті бағдарламасы бойынша оқу үшін бағынысты ведомстводан тыс білім беру мекемесінде құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.
2. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.
Аталған мемлекеттік қызметтер тегін түрде қағаз күйінде жасалынады.
2016 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпыміндетті бағдарламасы бойынша оқу үшін бағынысты ведомстводан тыс білім беру мекемесінде құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша 80 азаматқа қызмет көрсетілген. Қызмет ата-аналардың аталған мектепке оқуға оқушыларды қабылдау туралы өтініштері негізінде жасалынды.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызметі 1 бітірушіге (И.Г.Линнике) көрсетілді.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі осы жылы ешкімге көрсетілмеді, себебі біздің мекемеде осы жылы аттестатталушылар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар және бекітілген мерзімнің бұзылуы болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды беру журналы өз уақытында талаптарға сәйкес жазылып тұрады. Оқушылардың ата-аналары тарапынан қол қойылған.
2. Қызметті алушылармен жұмыс
Мектептің сайтында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті енгізілген, сондай-ақ қызметті алушыларға арналған қажетті ақпараттар орналасқан.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің анықтығын көрсетуге бағытталған жиналыстар өткізілді.
Мектептің қасбетінде ақпараттық баннер орналасқан, әкімшілік блогында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стенд ілінген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау
Мектеп директорының бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғалар бекітілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайын мониторинг жүргізіледі.
2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмады.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушының қанағатаннарлығын көтеру және алдағы тиімділік жолдары
2017 жылы мемлекеттік қызметтің сапасы мен жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділігін қамту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Ақмола облысы білім басқармасы өткізетін семинар және жиналыстарда мамандардың қатысуы жоспарлануда.