2017 жыл қазанның 29-ы мен 31-і аралығында Көкшетауда өзге ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары арасындағы «Тіл дарын» облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті. Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі бұл шараның «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткендігін хабарлайды.
«Тіл дарын» байқауында балалар өздерінің тәжірибелік, зерттеушілік, аналитикалық, тарихи және өнертапқыштық бағыттағы шығармашылық жобаларын ұсынған болатын. Біздің мектептен 8 сынып оқушысы Ким Виктория, жетекшісі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Лекерова Гүлжан Ұланқызы және 10 сынып оқушысы Савлук Артур, жетекшісі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Раиса Айтпайқызы қатысқан болатын.
Қуанышымызға орай 10 сынып оқушысы Савлук Артур жүлделі ІІІ – орынға ие болып, 70 мың теңге ақшалай сертификатына иеленді. Жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Абишева Раиса Айтпайқызын шын жүректен құттықтаймыз.