«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» аясында тақырыпқа сай бірқатар іс шаралар ұйымдастырылды. Ата – аналар үшін жол қозғалысының ережесі бойынша қазақ және орыс тілінде ескертпелер таратылды. Сонымен қатар whatsapp желісінде, әр сынып ата – аналарының тобына фото – бейнебаян материалдары жіберілді.
8 – 11 сыныптар арасында «Қауіпсіз жол қозғалысы» атты плакаттар сайысы өтті. Негізгі мақсат – оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтырып, іс-жүзінде асыра білуге, жолда жүру ережелерін ойда сақтай алуға үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Ең үздік плакат номинациясы 10 А, 10 Б, 8 Ә сыныптарына берілді.
Сондай – ақ оқушылар арасында 17 қараша күні Степногорск қаласының РЖПП ХТЖ рота командирінің орынбасары Харчук Илья Александрұлымен дәріс сабағы өтті. Оқушылар сұрақ қойып, жол қауіпсіздік ережелер білімін тағы да толтыра түсті.