Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша 2017 жылдың 19-21 қараша күндері аралығында Көкшетау қаласы, №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының базасында 8-11 оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық конкурсының ІІ кезеңі өтті.
Мектебіміздің намысын қорғауға 3 жоба ұсынылған болатын:
1) 11 сынып оқушысы Темербаева Гульбахрам – «Биологиялық ырғақтар бейімделудің бір факторы ретінде»
2) 10 сынып оқушылары Асайнова Диана, Касенова Мадина – «Ырымдардың адам өміріне әсері»
3) 9 сынып оқушысы Бухмиллер Ирина – «Отбасы тағдырындағы ел тарихы»
Асайнова Диана және Касенова Мадина жүлделі 3 орынға ие болды. Оқушыларды және жетекшісі Маулиева Самал Сапарғалиқызын шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!