Мақсаты: Жастарды әйел адамдарға қамқорлық жасау, әйелдердің абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл қоғамның ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті екенін. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін сіздер «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Өркениеттің алғашқы нышанының бірі – әйел теңдігі екенін ескерсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Гендерлік теңдікке үлкен мән беріліп, еліміздің БҰҰ конвенциясына қосылғаны тегін емес. Ал ата-бабаларымыздың ертеден «қыз – елдің көркі», «жұмақтың кілті – аналардың табанының астында» деп ерекше дәріптеуі – халқымыздың әйел баласын ерекше бөліп, қоғамда айрықша орын бергенін көрсетеді. Елбасымыздың бастамасы бойынша, Ұлттық жоспарға Гендерлік теңдік стратегиясы енгізіліп, 1998 жылдың 29 шілдесінде «Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы» ұлттық комиссиясы құрылды. Ал 1999 жылдың 19 ақпанындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен республика көлемінде нәзік жандылардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірдегі белсенділігі мен қоғамдағы рөлін арттыру және олардың азаматтық құқығын, мүдделерін қорғау мақсатында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы» құрылып, олар 16 жыл көлемінде жемісті қызмет етіп келеді. Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпараттандыру, отбасында
орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Видеоролик
Жүргізуші: Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата-аналар баланы мән-мағынасыз еркелететіп өсіреді. Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетеді де, әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. «Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип. Сондай-ақ, баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүрген ата-аналар да бар. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді.
Түйін. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. Үй қабырғасында зорлық көріп өскен балалар болашақта өз жанұяларында да соны істейді. Бұл тіпті отбасылық дәстүрге де айналып кетуі мүмкін. Яғни өз кезегінде тұқымқуалаушылық ауруға жалғасады. Жалпы, зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»
делінген.
Зорлық-зомбылықтың түрлері
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Психологиялық зорлық – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Сексуалды зорлық – өзінен әлсіздерге жыныстық зорлық көрсету, Осылардың ең ауыры және ең сорақысы – сексуалды зорлық. Бұрындары шетелдерде ғана кездесетін болса, қазіргі таңда елімізде де өршіп тұр.
Жүргізуші: Мұны қалай тоқтатуға болады? Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не істеуіміз қажет?
Түйін. Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі - мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбиеде әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Бұл жағдайларда көмекке мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтары қажет. Алайда, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мектептерде, мекемелерде, ұжымдарда психологтар, медицина және мешіт қызметкерлерімен бірлесіп суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, проблеманың шешілу жолдары талқыға салынып, лекциялар оқылды.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жанды деп төріне шығарып, жоғары бағалаған. «Заманына қарай адамы» демекші, қазір қыз-келіншектеріміз уақыт көшінен қалмай, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Қандай аналарды айтар едіңдер?
Бірімізге – ардақты ана, бірімізге – сүйікті жар, бірімізге – аяулы апа-қарындас бола білген қыз-келіншектерімізді құрметтейік, қастерлейік, алақанымызға салып аялай білейік. Ана – өмірдің бастауы, әдемелік пен мейірімділіктің діңгегі, мемлекеттің тірегі екендігін ұмытпайық!
1. Қандай әсер алдыңыздар?
2. Қандай ұсыныстарыңыз бар?
Жүргізуші: Дүниедегі мақсаттыңда, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Сонымен В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» деген болатын. Сондықтан ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы балаларымызды зорлық-зомбылықтан, қауіп қатерден сақтауға болады.
Балдаурен – балалықтың балғын күні,
Балдаурен - қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі- дей отырып, Сулейман Жансеріктің орындауында “Әке - ана” тамаша әнімен дөңгелек үстелімізді аяқтайық.