Текст
Біздің мектептің оқушылары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІІ республикалық қашықтық олимпиадаға қатысты. Олимпиаданың бірінші кезеңі онлайн желісінде өтті. Оған мектептен 8-10 сыныптың 5 оқушысы қатысты. Олар: Ким Виктория, Протасова Мария, Голубева Маргарита, Тимофеева Алина, Савлук Артур. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Савлук Артур мен Протасова Мария І кезеңінің жүлдегерлері атанды. Голубева Маргарита грамотамен марапатталды.
Савлук Артур 2 орын, Протасова Мария 3 орын. Голубева Маргарита грамота. Оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!