Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР! 2020-2021 оқу жылына конкурстық негізде 7-сыныптарға оқушыларды қабылдайтынын жариялайды.

18.05.2020

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

         2020-2021 оқу жылына конкурстық негізде 7-сыныптарға оқушыларды қабылдайтынын жариялайды. Қазақ, орыс тілінде оқитын 8-10-сыныптарға бос орындар бар.

         Құжаттарды қабылдау электрондық форматта 2020 жылдың 15 мамырынан бастап  bolashaq.4@gmail.com электрондық мекен-жайына жіберу арқылы немесе http://sc0022.stepnogorsk.aqmoedu.kz  мектеп сайты арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (нысан бойынша);

2. ЖСН көрсетілген (қосымша) үміткердің туу туралы куәлігінің фотосуреті немесе сканерленген түрі;

3. 3х4 см көлемдегі фотосурет.

4. Білім беру ұйымының мөрімен расталған 5-сыныптан бастап үлгерім табельдерінің фотосуреті немесе сканерленген түрі.

        Оқуға қабылдау конкурсқа қатысу нәтижелері бойынша, жиналған балдардың сомасы негізінде кему тәртібімен жүзеге асырылады.

        Балдары тең болған жағдайда ауылдық жердегі балалардың басым құқығы бар. 

        Конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейін 10 күн ішінде негізгі және резервтік тізімдер қалыптастырылады және қабылдау комиссиясы хаттамасының шешімімен ресімделеді.

          Конкурстық іріктеу нәтижелері мектеп сайтында орналастырылады.

         Ата-аналарға (немесе өзге заңды өкілдерге):

* конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeeqbWQkn__j6EcMDiM2GXGeRWf0ZVIueePetdhm8PE4SKa_Q/viewform?usp=sf_link​ сілтемесі арқылы тіркеу, нақты ақпарат беру;

*  кез келген аурудың белгілері бар үміткерді емтиханға әкелмеу;

* үміткерді маскамен қамтамасыз ету;

* үміткерді емтиханға уақытында алып келіп, емтихан аяқталғаннан кейін бірден алып кету.

Байланыс телефондары: 8 (716-45) 6-19-21;   8 (716-45) 6-01-03

Біздің мектеп туралы қосымша қызықты ақпаратты әлеуметтік желілерден таба аласыз. Instaram: bolashaq_stepnogorsk; YouTube: Татьяна Мамонова

Facebook: Болашак Степногорск

Оқуға түсуге өтініш үлгісі:

Өтініштің таза бланкісін төменде жаңалықтар жүктеуге болады.

Просмотров: 1178

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст