Текст
28 қаңтарда 9 "А" сынып оқушылары Халықаралық қашықтық логикалық олимпиадасына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан, Ресей, Белорусь, Молдова, Тәжікстан елдерінен 756 оқу орны қатысты.
Қорытынды 12 ақпан күні шығарылды. Біздің мектептің командасы бірінші орынға ие болды.
Келесі балаларды жеңісімен құттықтаймыз: Баймурза Жохангер, Қабдыкешов Темірхан, Надежкина Арина, Мец Анастасия, Абсеитова Алина, Пустынникова Светлана, Төлегенқызы Даяна, Маматова Назима, Сагитова Ксения, Какашева Диана, Изотова Татьяна, Каликен Дильназ және Мертинс Ксения. Сынып жетекшісі: Макарова О. В.