21 мамырда Астанада жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы басталды.
💡Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын ояту, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру.
📚 Олимпиада 7-8 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша өткізіледі.
👨🏻🎓Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 38 000-ға жуық оқушы қатысып, Қазақстанның барлық облыстарынан 304 жасөспірім финалдық кезеңге жолдама алды.
🏆Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Біздің мектепті 7а сынып оқушысы Даниил Кузнецов қатысады.
Данилға сәттілік тілейміз!