Ақмола облысында антибуллинг мәселелері, балалар мен жастардың құқықтары туралы онлайн-семинар өтті
Онлайн режимінде «Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, Ақмола облысының білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері мен кураторлары қатысты. Барлығы-460 адам.
Іс-шара педагог қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру мақсатында, қолайлы және қауіпсіз орта құру жөніндегі жұмыстың басқа әдістерімен және нысандарымен толықтыру, практикалық құралдарды толықтыру және білім алушылардың жеке басын әлеуметтендіруге ықпал етеді
"Барлық баяндамаларда айтылған басты ой білім беру кеңістігінің қатысушылары арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту",- деп атап өтті облыстың білім басқармасының ОӘК тәрбие бөлімінің әдіскерлері.
Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Аталған семинарға біздің әріптестеріміз О. В. Макарова, А. С. Серікбаева қатысты