Ақмола облысында ҚР Президентінің атынан жаңа жылдық шырша өтті
25 желтоқсанда «Bolashaq sarayi» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Жаңа жылдық шырша өтті.
Жаңа жылдық мерекеге жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, мектепте оқуда, спортта, қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қонақ болды.
Әр балаланы кіреберісте ертегі кейіпкерлері күтіп тұрды. Балалар кейіпкерлермен фотоаймақта естелік суретке түсіп, кейін таңғажайыпқа толы мерекелік залға өтті. Осылайша, балақайлар жаңа жылдық сиқырды есіктен кіре сезіне алды.
Жаңа жылдық іс-шараның қызықты бағдарламасына ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылым, конкурстар мен ойындар кірді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев балаларға жаңа 2023 жылмен бейне құттықтауын жолдады.
"Баршаңызды келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймын!
Биылғы жылды біздің Президентіміз "Балалар жылы" деп жариялады. Сендердердің жақсы оқып, уақыттарыңды пайдалы өткізе алуларың үшін біз 70-тен аса мектеп пен балабақша салып, жөндеу жүргіздік. 500-ден артық үйірмелер мен секциялар аштық. 60 заманауи автобус сатып алдық. Осы жылдан бастап сендердің үздіктерің қала сыртындағы "Сұңқар" кешенінде демалып, сауыға алатын болды.
Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова облысымыздың әр ауданынан келген балаларды құттықтап, армандарының орындалуын тіледі.
Әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар, көркем кітаптар және «тәтті сыйлық» түріндегі сыйлықтар жинағы табыс етілді.
Мереке соңында үздік жаңа жылдық костюмдер аталып өтіп, балаларға сыйлық сертификаттар табысталды.
Жаңа жылдық ертегі жас қатысушыларға ғана емес, ересектерге де ұнады. Мерекелік шырша, мерекелік декорациялар мен кейіпкерлердің костюмдері спектакльге көбірек сиқыр бергендей.
От нашей школы приняли участие ребята из 7 классов.
Поздравляем всех с наступающим Новым годом!
Выражаем огромную благодарность организаторам праздничного мероприятия.