2022 жылдың 29-30 қараша аралығында 9-11сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен "Абайтану" V Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып,өмірде қолдана алуға бағыттау,зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазды, екінші кезеңде А.Құнанбаевтың шығармалары, сондай-ақ М.Әуезовтың "Абай жолы"романының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша біздің оқушылар мынадай нәтиже көрсетті:
Аленхан Дильназ(11 сынып) -1 орын. Еркін Ақбота(9 сынып)-3 орын. Хамзаева Айжан (10сынып)-грамота
Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Енсебаева У.С.