Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 1 турын (аудандық кезеңі) 2022 жылғы 20 қазан күні өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.
Олимпиадаға математика және тілдер (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша үздік білімі бар білім алушылар қатысады.
Жеңімпаздар 10 қарашада өтетін екінші турға (облыстық) қатысады.