18.10.2022
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылғы 13-15 қазан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
15 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге мектеп және аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен 90 оқушы қатысты.
Байқау екі тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалды
ІІ тур - 4 номинация бойынша өткізілді:
-«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы;
-«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы;
-«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы;
-«Менің туған өлкем» номинациясы.
Обладателем Диплома 2 степени стала ученица 10 класса Гомзикова Дарья.Поздравляем!!
Руководители: Абишева С К, Смайлова О.К