13 қарашада біздің мектепте қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ атты дүниежүзілік сабақ өтті.
Сабаққа қалалық кітапхананың 4 өкілі және Степногорск қаласының оқу-әдістемелік орталығының 1 оқытушысы шақырылды.
Осы іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар бала құқығы туралы Конвенциямен, адам құқығы Декларациясымен танысты. "Бақытты балалық шақ" ұғымымен жұмыс істеді, шағын-жобаларды қорғады,дискуссияны жүргізуді, өз пікірін айтуға және өз көзқарасын қорғауға үйренді. Міндеттерсіз құқықтар жоқ, құқықтарсыз міндеттер жоқ деп ұғынуға келді. Интерактивті ойын өткізілді, балалар құқықтарының бұзылуы туралы ситуациялық есептерді талдады. Өткізу кезінде педагогтар балалардың назарын құқықтар мен міндеттердің өзара байланысына және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігіне, әр түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, басқа адамдармен қарым-қатынаста өзінің мінез-құлқын бақылауға аударды.
"Қазіргі және болашақ - әр бала үшін қорғалған балалық шақ" атты дүниежүзілік сабақтың қорытындысы оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білу өмірді табысты етеді, азаматтық жауапкершілікті және өз қадір-қасиетін сезінеді деген ойды түсінуі болды.