07.09.22 ж.Тілдер апталығы аясында 9 А сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай эрудиттер байқауы өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды: 1.Жылыту. 2.Өмірбаян фактілері. 3.Ақынның шығармашылығы. 4.Оқиғалар хронологиясы. Ойынға қатысушылар қазақтың ұлы ағартушысы, ғалымы, ақыны және аудармашысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын білуде жарыса отырып, Plicers және Learning apps ресурстарында қызығушылықпен жұмыс істеді. Қазылар алқасының құрамында Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі У. С. Енсебаева қатысып оқушылардың білімін әділ бағалап, эрудиттер сайысын қорытындылады: "Білгірлер"командасы жеңіске жетті.
Іс-шараны О. К. Смайлова өткізді.
/public/files/2022/9/9/090922_014853_vid-20220908-wa0057.mp4