Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Ақмола облысының білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 24 қазан күні орыс тілінде оқытылатын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» облыстық сырттай конкурсы өтті.
Конкурс екі кезең бойынша өтті:
1 кезең - бейне сабақтың презентациясы;
2 кезең - қатысушының портфолиосы.
Облыстық сырттай конкурста аудандық және қалалық білім беру ұйымдарынан 16 мұғалімнің жұмыстары қаралды.
Конкурстың қорытындысы бойынша №4 «Болашақ» ОДБММИ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакишева Айман Тлеутсовна ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі кәсіби жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!