Бірінші экологиялық сағат Қазақстан мектептерінде өткізілді. Балаларға қоқысты бөлек жинау не үшін қажет екенін және энергия тиімділігі қандай екенін айтты. Содан кейін оқушылар ағаш отырғызуға аттанды. Бұл акцияны министрлер, сондай-ақ қала мен облыс әкімдері қолдады. "Экологиялық сағат өскелең ұрпақты табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Біздің санауымыз бойынша, бүкіл ел бойынша 200 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Келесі сенбі күні мектептермен шектелмей, ауқымды ағаш отырғызу өтеді. Біз осы күзде кемінде бір миллион ағаш отырғызамыз деп күтеміз", – деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Бүкіл ел бойынша екі жүз мыңға жуық көшет отырғызылды. Біздің мектеп бұл жақсы және пайдалы іске белсенді түрде қатысудан шет қалмады.