Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог мәртебесі туралы. Пікір

28.08.2019

        27 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов таныстырған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды деп республикамыздың педагог қызметкерлері қызу талқылауда.

        Заң жобасының негізгі идеясы — мұғалімдердің жүктемесін азайту, өзін-өзі дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасау.

        Мұғалімдердің жалақысын арттыру, еңбек демалысын ұлғайту, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар іске асып жатса ұстаздарда бір серпіліс болар еді.

        ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, жалпы заң жобасын іске асыру мұғалім мамандығының мәртебесін арттыруға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, педагогтар үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жасауға жол ашады.  

        ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осы жылдың 1 қыркүйегіне қарай Парламент Мәжілісіне «Педагог мәртебесі туралы» және «Педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалім жүктемесін төмендету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

       Жаңа оқу жылының алдында жұмысқа жаңа бір серпіліспен аяқ басқалы отырмыз.

Просмотров: 916


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст