Облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мамандандырылған мектеп-интернатының педагогикалық ұжымы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясынан кейінгі пікірлерімізбен бөлістік.
Мемлекет басшысы Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ұстаздар қатысты. Республикалық тамыз кеңесі биыл «Келешекке – кемел біліммен!» тақырыбында өтті. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Пленарлық отырыс барысында еңбегімен көзге түскен республикамыздың үздік ұстаздары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Отандық білім және ғылым жүйесінің өзекті мәселелерін шешу жөніндегі өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер туралы көзқарасы қуантарлық жағдай. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс. Кең ауқымда өтіп жатқан "Бірге – таза Қазақстан" экологиялық акциясын дәл осындай бағыттағы өте қажетті, дұрыс бастама деп санаймыз. Шағын комплектілі мектептің ахуалы ауыл тағдырымен тікелей байланысты. Ауылым – алтын бесігім демекші, ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан, оны сақтап қалуымыз керек. Ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санайтын пікіріне толықтай қосыламыз. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін біздің педагогтеріміз үшін іс жүзінде жоғары мәртебеге қол жеткізу қажет. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында кешенді қолдау шаралары қарастырылып бекітілсе нұр үстіне нұр болары хақ. Үкімет әзірлеп жатқан "Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында" бағдарламаның жобасын халықпен кеңесіп, кеңінен талқылау қажет деген қорытынды сөзімен ұстаздар қауымы қуана құптаудамыз. Баршаңызға жаңа оқу жылында табыс тілейміз.