2022 жылғы 13 сәуірде Бурабай ауданы, Щучинск қаласы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жоғары педагогикалық колледж базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті. Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін келесі пәндер бойынша бір турда өткізілді: математика, физика, химия, биология және информатика. Олимпиада барысында барлық пәндер бойынша оқу кабинеттерінде камера орнатылды, емтихан курсы YouTube-арнасында ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Ашықтық пен академиялық адалдық үшін байқаушылар ретінде олимпиадаға қызығушылық танытпаған «үшінші тұлғалар» шақырылды: «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, ғалымдар мен колледж оқытушылары. Олимпиада үш кезеңнен тұрады: - 2022 жылғы 5 сәуір – 2163 ақмолалық оқушы аудандық (қалалық) кезеңге қатысты; - 2022 жылғы 13 сәуір Щучинск қаласында – 155 оқушы облыстық кезеңге (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары) қатысты. 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы: I-орынға ие болған – 8 оқушы, ІІ-орынға ие болған – 9 оқушы, III-орынға ие болған – 11 оқушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Екі қатысушы грамотамен марапатталды. Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезенінің жеңімпаздары және жүлдегерлерін шын жүректер құттықтаймыз!!!
Наши победители
🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽
2 место
Алиев Бакдаулет-химия
Миронова Екатерина -биология
🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽
3 место
Сидорович Богдана - математика
Кажкенов Дархан-химия