Текст
2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілді, оған 124 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.