Степногорск қ. "Дарынды балаларға арналған №4 "Болашақ" облыстық мектеп-интернаты" КММ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы.
Мектепте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" ашудың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және мектеп қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы "Еgov.kz" мектеп қызметкерлерінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді мобильді азаматтар базасында тіркелу арқылы бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады. Сондай-ақ, қызметкер өзінің жеке кабинетіне кіріп, тұрғын үй кезегін, әкімшілік айыппұлдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымды, зейнетақы аударымдарын және т. б. көре алады.
Сондай-ақ үйде интернетке қол жеткізе алмайтын жаңадан келген оқушылардың ата-аналары (көрсетілетін қызметті алушылар) мектептегі "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" белсенді пайдаланады. "Электрондық үкімет" порталы арқылы Еgov.kz балаларды №4 "Болашақ" ОДБММИ КММ қабылдау үшін өтініш береді. Өтінішке қажетті құжаттар қоса тіркеледі (ф-26 анықтама, Ф-63 анықтама, фото).
"Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" принтермен, сканермен жабдықталған, сондай-ақ электрондық үкімет "Еgov.kz" порталында тіркеудің қадамдық нұсқаулығы бар стенд бар.
Мектепте Egov.kz порталында анықтамаларды өз бетінше алу бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.