Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылғы 9-11 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық Мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында "XIII Махамбет оқулары" облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың негізгі мақсаты: - ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру және оны оқушылар арасында насихаттау, қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармалардың өсуіне ықпал ету;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
"Ел құтқарар ер едім" номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Тоғайбай Аяна жүлделі 3-орынмен марапатталды.
Жетекшісі:Енсебаева У.С.