Текст
21сәуір жалпы білім беру ұйымдарының 8-11сынып оқушыларының арасында XXII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау және ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді."Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы"номинациясы бойынша 9ә сынып оқушысы Айтмағанбет Баянды жүлделі 2 орынға иеленді."Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары"номинациясы бойынша 7 Ә сынып оқушысы Қабдолла Жанайым жүлделі 2 орын алды. Жетекшісі: Енсебаева У.С.