Текст
2021 жылғы 18-19 ақпан күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №4 "Болашақ" мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Қойкен Ұлпан жүлделі ІI-орынға ие болса, 10 сынып оқушысы Әбдрахим Көркем Грамотамен марапатталды. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Енсебаева Умутжан Солтановна
20.02.2020