Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, №4 "Болашақ" облыстық  маманданырылған мектеп-лицей-интернаты"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№3 хаттама №4 «Болашак» ОДБММИ КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы

08.04.2019

№3 ХАТТАМА

№4 «Болашак» ОДБММИ КММ

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

 

Өткізілген мерзімі: 30.11.2018ж.

Өткізілген орны: акт залы

Отырыстың басталу уақыты:13 сағ 30 мин.

Отырыстың аяқталу уақыты: 14 сағ 30 мин.

 

Қатыспағандар: Мусралин Е.Б (ҚК төрағасы)

Қатысқандар:

1. Наурызбаева Баглан Назымбековна

2. Шабаров Сағындық Серикбаевич

3. Сейткалиева Гульназ Мукатовна

4. Қабар Хайрым

5.Утисхан Жаныбек

6.Салыкова Э.Р

7.Харасова З.Ж

8.Кажин Т.Т

9. Каримбергенова М.Т.

Директордың тәрбие ісі жұмысының орынбасары: О.Макарова (хатшы)

 

Шақырылғандар:

1.Мектеп директоры Г.Турганбаева

2.Бас бухгалтер К.Елешова

3.Жакишева А.М

4.Шайхина Ж.З

5.Оразбаева А.С

6.Каримбергенова М.Т

7. Мусина М.Т

8.Алимова А.О

9.Жунусова К.Б

10.Жекина А.К

11.Алипова Н.К

12.Абишев Р.А

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

  1. "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 27 шілдедегі № 355 бұйрығына толықтырулармен танысу
  2. Қайырымдылық көмек көрсету тәртібі, ҚБШ шотын ашу

 

 

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Г.Турганбаева тыңдалды  

 

        Мектеп директоры "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 27 шілдедегі № 355 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды.

Біздің мектеп қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруды өз интернет-ресурсында (мектеп сайты) және қазақ және орыс тілдерінде орналастыратынын түсіндірді. Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

         Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

        Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады.

          Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

  Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

         Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.

Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

          1) өз бастамасы бойынша;

         2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.

Г.К.Тұрғанбаева мектеп сайтында ҚК қалыптастыру туралы хабарландыру жариялау туралы жариялады және ата-аналардан алған өтініштер негізінде 2018 жылғы 14 желтоқсанға дейін мектеп ҚК тізімдік құрамына өзгерістер енгізуді ұсынды.

ШЕШІМІ:

1."Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 27 шілдедегі № 355 бұйрығына толықтыруларды болащақта жұмыста қолдану

 2. Алынған өтініштер негізінде ҚК құрамын қайта қарау.

 

Екінші сұрақ бойынша директордың ТЖ жөніндегі орынбасары О. Макарова тыңдалды

 

Ол мектептің қайырымдылық көмегі ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіліп, осы Ережемен қарастырылған тәртіпте Қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша ғана жұмсалатынын айтты. Білім беру ұйымы қабылдаған қайырымдылық көмектен түскен кез келген түсімдер шотқа түседі: Шот/ҚБШ

Сондай-ақ қайырымдылық қорынан ақша қаражатын бөлу үшін негізгі мақсатты атап өтті:

Ø  білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;

Ø  білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

Ø  спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;

Ø  мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру.

 

Біздің мектеп, қаржы жылының қорытындысы бойынша, мектеп сайтында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатын пайдалану және қозғалысы бойынша қызмет нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар етеді.

Шешімі:

1. 04.12.2018 жылға дейін бас бухгалтерге ҚБШ шотын ашу

2. 15.12.2018 жылға дейін сынып бойынша ата-аналар комитетінің төрағалары 7-11 сыныптардағы сынып жиналыстарында қайырымдылық көмек көрсету бойынша КСН шотының болуы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

 

ҚК төрағасы: Е.Мусралин

ҚК хатшысы: О.Макарова



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.04.2019 13:17
Құрылған күні: 10.02.2021 11:46

Текст