Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ 27 қыркүйек күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтетінін хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты – туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурс 2 турда өтеді:
І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалады
ІІ тур - 4 номинация бойынша өтеді:
-«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
-«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануралар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (Өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
-«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
-«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Қатысушылар:
Ибраев А
Сағайқызы Д
Жанайхан Д
Хамзаева А
Хамитханова Д
Айтьағамбет Б