Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылғы 9-11 cәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
- жас ұрпақты қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның шығармаларымен таныстыру;
- қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармаларға қызығушылықты арттыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары"номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Қабдолла Жанайым жүлделі 2 орынға ие болды.
Жетекшісі:Енсебаева У.С