Текст
12 қыркүйекте Қазақстанда қазақ киносы күні тойланады. «Амангелді» қазақтың тұңғыш фильмі болып саналады. «Ленфильм» киностудиясында түсірілген фильмде ұлы батыр Амангелді Иманов туралы айтылады. Қазақ киносы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында одан әрі дамыды. Алматыда «Ленфильм» және «Мосфильм» киностудиялары жұмыс істей бастады. 1941 жылы фильмдер түсірумен көркем және деректі фильмдер студиясы айналысты. Кейін ол «Қазақфильм» болып өзгертілді. Қазақстандық режиссерлер одағының жетекшісі Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы 12 қыркүйекті «қазақ киносының күні» етуді ұсынды.
11 сынып оқушылары «Томирис» тарихи фильмін тамашалады