Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9-11 желтоқсан күндері аралығында «Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық онлайн өнер байқауын» қашықтықтан онлайн режимде өткізді. Байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 8-11 сынып оқушылары арасында 102 қатысушы қатысты. Оның ішінде мектебіміздің 11- сынып оқушысы Жабай Жанбота «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Өнерің өрге бассын, Жанбота!
https://www.instagram.com/tv/CI01E5ggkg5/?utm_medium=share_sheet