Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңін 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында онлайн түрде өткізді. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
"Білімді зерек адам болам!"-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" атты эссе жазу номинациясында 11 "Ә" сынып оқушысы Амиржанова Гулим жүлделі 1 орынға ие болды.
Жетекшісі: Енсебаева Умутжан Солтановна