Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ келесі санаттар бойынша 7-сыныпқа оқуға түсу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларға қосымша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау және онлайн-тіркеуді 23 тамызға дейін жалғастырады:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары
- Ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары
- Мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар
- Отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
- Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар
- Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйлерінен айырылған отбасылар
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔⛔
Аталған санаттағы отбасылардан шыққан балалар үшін 7-сыныпта оқуға арналған орындар квотасы:
- 7 "А" сыныпта - 5 орын
- 7 "Ә" сыныпта - 1 орын
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
Тіркелу үшін Instagram профилінің тақырыбында орналасқан сілтеме бойынша өтуіңіз керек.
№ 4 "Болашақ" ОММЛИ КММ онлайн тіркелу және ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1) баланың ЖСН
2)халықтың осал топтарына жататынын растайтын құжаттар (түпнұсқа)
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
7-сыныпқа арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
Математика және логика - 55 сұрақ
Оқу сауаттылығы-10 сұрақ
Қазақстан тарихы-10 сұрақ
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
Тіркелуге арналған сілтеме
⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
Байланыс телефондары: 8(716-45) 6-01-03, 87012636391, 87716676628, 87088563605
Мекенжайы: Степногорск қаласы, 4 шағын аудан 135 ғимарат № 4 "Болашақ" ОММЛИ КММ